×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Зоология институты арқар атуды сұраған бизнесменнің өтінішін қараудан бас тартты

08.04.2022, 13:37
Фото: Ашық дереккөзден

7 сәуірде бизнесмен Батыр Сейкенов Зоология институты мен басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге арқар аулауды ұйымдастыру бойынша өтініш жолдаған. Алайда өтінішті орындаудан институт бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Батыр Сейкенов Қызыл кітапқа енгізілген арқардың 30-ын (кейінірек 10-12) атуға байланысты жобаны қолдауды сұраған. Зоология институты одан бас тартты.

«Ұлттық заңнама Қызыл кітапқа енген аңды тек ғылыми зерттеулер мақсатында алуға мүмкіндік береді. Зоология институты мемлекеттік зоологиялық коллекцияны толықтыру және паразитологиялық, генетикалық, криобиологиялық зерттеулер жүргізу үшін табиғаттан 2-3-ін ғана ала алады. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерде Ббрлық материалдар (мүйіз, тері, қаңқа, жыныстық өнімдер, соматикалық жасушалар және т.б.) қолданылады», - делінген хабарламада.

Зоология мамандары аңшылық барысында арқардың бүкіл денесі аңшылық олжа ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертеді.

«Осыған байланысты валюталық (табиғатты қорғау олжасын) аң аулауды ұйымдастыру үшін ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз, ол осындай аң аулауды ұйымдастырудың бүкіл процесін және түсетін қаражатты бөлуді реттейді. Мұндай ұсыныс жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның (ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті) отырыстарында бірнеше рет айтылды. Қазіргі уақытта Қызыл кітапқа енген түрлерді ғылыми мақсатта алып қою мүмкіндіктерін пайдалану олжалы аң аулауды ұйымдастыру үшін негіз бола алмайды», - делінген хабарламада.