×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайта құрылатын болды

08.04.2022, 14:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр. ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:

Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен біріктіріледі;

Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.

Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және "А" арнаулы мақсаттағы қызметі.