×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Бізге Ресейсіз әлем керек емес": Медведев Батысты ақырзаманмен қорқытты

27.02.2023, 10:18
фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары, экс-президент Дмитрий Медведев егер Ресейдің жойылуы туралы мәселе қозғалса, адамзат өркениетінің құрып кету тақырыбы де күн тәртібіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей федерациясының экс-президенті бұл туралы “Известия” газетінде жарық көрген мақаласында жазды.

"Егер Ресейдің мемлекет ретінде сақталуы туралы мәселе туындаса, ол Украина майданында шешілмейді. Бүкіл адамзат өркениетінің одан әрі өмір сүру мәселесімен бірге шешіледі. Бұл жерде ешқандай түсінбеушілік болмауы керек. Бізге Ресейсіз әлем қажет емес", - деп жазды Медведев.

Оның сөзінше, "Ресейдің жаулары" "Киев режимін" қару-жарақпен қуаттандыру арқылы Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге кедергі келтіруде.

"Біздің жауларымыздың көздегені сол, олар өз әрекеттері арқылы әлемді құрдымға апаратынын түсінгісі келмейді. Күйреуге, ақырзаманға итермелейді", – деп толықтырды Медведев.

Экс-президенттің айтуынша, Ресей мұндай сценарийге жол бермейді.

"Спутниктері бар Батыс елдері планета халқының тек 15%-ын құрайды. Біз әлдеқайда көппіз және күштірекпіз. Біздің алып еліміздің қуатты күші және оның серіктестерінің беделі – бүкіл әлем үшін болашақты сақтаудың кепілі", – дейді Медведев.

Серіктес жаңалықтары