×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі Ресейдің мүшелігін тоқтатты

08.04.2022, 15:53
BBC

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинамен соғысқа байланысты Адам құқықтары кеңесіндегі Ресейдің мүшелігін тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қатысушылардың 93-і Ресейді алып тастауға дауыс берсе, 24-і бұл шешімге қарсы екендерін айтқан. Қалған 58 қатысушы бейтарап пікірде қалуды жөн көрген.

БАҚ Буча қаласындағы бейбіт тұрғындардың жаппай қырылғанын мәлімдеген соң, АҚШ Ресейдің Адам құқықтары кеңесіндегі өкілдігін тоқтатуды ұсынды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей өзінің Кеңестегі өкілдігін тоқтату туралы ұсынысты қолдаған және бейтарап пікірде қалған елдермен достық қарым-қатынастың бұзылатынын ескертті.