×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Соғыс басталғалы АҚШ Украинаға көмектесу үшін қанша шығын жұмсады

27.02.2023, 10:26
фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсетуге жұмсаған жалпы шығындарының көлемі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

The Hill газетінің жазуынша, Құрама штаттар Украинаны соңғы үлгідегі қару-жарақпен, майдан даласына қажетті әскери техникамен, зымыран кешендерімен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, украин экономикасын қалпына келтіру үшін 77,5 млрд доллардан астам қаржы жұмсаған. 

"2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Украинаға бөлінген АҚШ-тың көмегі — $77,5 млрд құрады", - делінген басылымда.

Атап айтқанда $29,3 млрд Ресейдің басқыншылығы басталғалы бері АҚШ-тың тікелей әскери көмегіне жұмсалған, оған жаяу әскер қару-жарағы кірді: 1600-ден астам Stinger зениттік кешені, 8500-ден астам Javelin танкке қарсы жүйесі, 2590 TOW танкке қарсы зымыраны, 111 млн-нан астам атыс қаруына оқ-дәрілер, сондай-ақ ондаған мың оқ-дәрілер мен дулығалар жиынтығы, бақылау жүйелері, түнгі көзілдіріктер, тепловизорлар мен басқа да техникалар.

Сондай-ақ, экономиканы қалпына келтіру, энергетикалық қауіпсіздік пен "жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарыспен күресу" үшін қосымша шұғыл қаражат ретінде тағы 45 миллиард доллар бөлінді.

Бұдан бөлек, Украинаның ішінде де, одан тыс жерлерде де босқындарды гуманитарлық қолдауға 1,9 миллиард доллар көмек көрсетілген.

Дүниежүзілік Банк арқылы Украинаны қолдауға тағы 13 миллиард доллардан астам қаражат бөлінген.

Серіктес жаңалықтары