×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

AMANAT шекарада орналасқан ауылдардың мәселелерін шешуге күш салмақ

27.02.2023, 12:24

ҚР Парламенті мәжілісі депутаттығына үміткер Анатолий Бойчин сайлауалды үгіт-насихат жұмысымен Ақтоғай ауданына барды. Алғашқы кездесуді Ақжол ауылында өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Кездесуге «AMANAT» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихаттарға аттарын ұсынған үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері қатысты

- Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы барысында әрбір ауданды, ауылдарды аралап, халықпен кездесудеміз. Мен бірінші күні қазіргі таңда жылу мәселесі күрделі тұрған Екібастұз қаласына барып, тұрғындармен кездестім. Қыста жылу жүйесінде апат орын алып, үйлер жылусыз қалған кезде жылы киім, жылытқыш пештер таратып, қолдан келгенше көмек көрсеткен едік. Онда мәселе әлі де шешілген жоқ. Сондықтан, біздің назарымызда болады. Жалпы, «AMANAT» партиясы мұндай жағдайлардың барлығында халықпен бірге. Сонымен қатар, басқа да бірқатар ауылдарды аралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін, өтініштерін тыңдап келеміз, Ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселе көп. Оның қатарында ауылды жарықтанжыру, жолдарды жөндеу, таза сумен қамту сынды мәселелер көтерілуде - деді Анатолий Бойчин.

«AMANAT» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Рахат Тұрлыбай, Гүлмира Нұрханова, Ирина Чидунчи  Железин ауданына барып, тұрғындарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Белсенділер мәдениет саласы және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, тұрғындардың сұрағына жауап берді. Сонымен қатар, тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныс-тілектерін тыңдап, атқарушы билік өкілдеріне жолдайтынын және алдағы уақытта да бақылауда ұстайтынын жеткізді.

 «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында: «2028 жылға қарай 2-ден 6 жасқа дейінгі балалары бар барлық мұқтаж отбасыларды 300 мың жаңа орыннан тұратын мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтамасыз етеміз. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту жүзеге асырылмақ. Біз 100 мың балабақша тәрбиешісінің жүктемесін дамыған елдердегі жүктеменің орташа деңгейіне дейін, яғни 2 есеге төмендетеміз» делінген.

Ауыл тұрғындары тарапынан ауылдық жердегі байланыс жүйесін жақсарту, кітапхананы жаңа кітаптармен толықтыру, ауылға жас мамандарды тарту және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге қатысты көп мәселе көтерілген. Мәселен, алдағы бес жылда кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құруға қол жеткізу, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу, жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өткізу жоспарлары қойылған. «AMANAT» партиясы шекарада орналасқан ауылдардың мәселелерін шешуге күш салады. Әр ауылда, тіпті шекарада жатқан, шалғай және жету қиын ауылдарда да интернет болуы керек. Сондықтан, қазақстандық байланыс спутниктерінің көмегімен елдің 500 шекаралас, шалғай және жету қиын ауылын интернетпен қамтамасыз ету көзделген.

«Ауыл шаруашылығымен және онымен байланысты салалармен айналысатын жұмысшы, кәсіпкерлер елдің алдыңғы қатарлы экономикалық активіне айналуы керек. Біз жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қостық. Үкіметтің 2027 жылдың соңына дейін агроөнеркәсіптік кешендерді кемінде 500 миллиард теңге сомаға қаржыландыра отырып, 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруын қадағалаймыз» делінген бағдарламада.

 

Дайындаған: "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары