×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Алматы әуежайында жалған құжат ұсынған жолаушылар ұсталды

09.04.2022, 13:12
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

2022 жылғы 6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Жүктерін тексеру кезінде олардың нақты паспорттары табылған.

Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларын құраған.

Жалған құжаттар тәркіленді.

Оларды елден депортациялау мәселесі шешілуде.