Қазақстанда бір литр минералды су бензиннен қымбат, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Finance.kz telegram арнасына сілтеме жасап.
Минералды судың литрін 190-280 теңгеге сатып алуға болады, ал АИ-92 маркалы бензин 180 теңгеден сәл жоғары.
Қазақстан тұрақты түрде ең арзан бензинмен әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарына кіреді.
Одан да арзан елдер бар – Түркіменстан, Венесуэла, Ливия және Иран, бірақ ол жақта жанармай сатуды шектейді.