×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Бүгін Головкин – Мурата жекпе-жегі өтеді

09.04.2022, 14:34
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Сайтамада (Жапония) қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36) мен жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасында орта салмақтағы IBF/WBA Super титулдары сарапқа салынатын кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бокс кеші Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады, ал Головкин – Мурата жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:10-де өтеді. Дегенмен жанкүйер қауым теледидар алдына ертерек жайғасқаны жөн, өйткені андеркардтағы кейбір жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.

Сонымен қатар кеш аясында әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын тағы бір кездесу өтеді. Жапониялық Дзюнто (22-0, 17 КО) ең жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын отандасы Риота Ямаучиге (8-1, 7 КО) қарсы қорғайды.

Сайтамадағы бокс кешін Qazsport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жекті Qazaqstan TV мобильді қосымшасынан да көруге болады.