×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Алматыда Бучада қаза тапқандарды еске алуға арналған акцияға қатысқандар ұсталды

09.04.2022, 18:59
Masamedia

Алматыдағы Ресей елшілігінің алдында Бучада көз жұмған бейбіт тұрғындарды еске алуға арналған акция өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Акция қатысушылары арқасы мен қолына ақ лентамен байлап, барлығы жерге жатты. Себебі Ресей әскері қаладан шығарылған соң Бучаның қарапайым тұрғындары дәл осындай күйде қаза тапқан еді.

Акция басталған алғашқы үш минуттың ішінде полиция қызметкерлері журналист Әсем Жәпішева мен белсенді Дархан Шәріповты ұстап әкетті.

2 сәуір күні Украина Қорғаныс министрлігі Ресей әскерінің Киев облысынан шығарылғанын хабарлады. Алайда ресейлік әскерилер кеткен соң Бучада қырылған адамдардың мүрдесі түсірілген суреттер, видеолар мен түрлі хабарламалар тарай бастады.

Украина билігі Ресей Федерациясының әскерилері бейбіт қала тұрғындарын қынадай қырғанын мәлімдеді. Ал Мәскеуде жаппай қырғынды “провакация” және “киев режимінің кезекті қойылымы” дегенен танбауда.