×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Елдегі оқушылардың 6 пайызға жуығы электронды темекінің "дәмін көрген"

27.02.2023, 19:55
Ашық дереккөз

Қазақстандық жасөспірімдердің 5,8 пайызы электрондық темекіні (вейптерді) жиі қолданған. Бұл деректер «Қазақстан оқушыларының өмір салты факторлары, олардың физикалық, психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» ұлттық есебінде жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Балалардың 5,8%-ы соңғы 30 күнде вейп тұтынған. Әсіресе 13 жастан 15 жасқа дейінгі ер балаларда бұл көрсеткіш екі есе үлкен. 2018 жылы жүргізілген алдыңғы зерттеумен салыстырғанда 2022 жылы ұлдар мен қыздар вейптерді көбірек қолдана бастаған», - делінген Қазақстан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп жүргізген зерттеу есебінде.

Өмірінде темекі шегіп көрген жасөспірімдердің үлесі 6% құрады. Балаларды темекі шегуге тарту 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2022 жылы 1,2%-ға өскен.

Айта кетейік, Қазақстан оқушыларының 75%-ға жуығы қос ата-анасымен бірге тұрады. Аталған құжатта 11, 13 және 15 жастағы 7400-ден астам мектеп оқушыларының ауқымды деректері жинақталған. Есеп 2022 жылғы «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеуіне негізделген.

Серіктес жаңалықтары