×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"8 млрд теңге жымқырған": Аружан Сайын мен Artsport дауға ілінді

28.02.2023, 09:19
Коллаж: Ulysmedia.kz

"Рухани болашақ" қауымдастығының төрағасы Ләйлә Әбдірахманова Artsport платформасын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әбдірахманованың сөзінше, платформа о бастан заңсыз әрекет етіп, сол арқылы 8 млрд теңге жымқырылған.

"Рухани болашақ" қауымдастығы төрағасының айтуынша, балалар омбудсмені Аружан Сайын, Мәжіліс депутаттығына кандидат Қуат Ерғалиев жағдайды өз мүддесіне пайдалануға ынталы.

Әбдірахманова Бас прокуратураның деректерін алға тартып, artsport.edu.kz платформасында балалар мен ата-аналардың жалған деректері қолданылатынын, соның көмегімен ақша ұрланатынын айтты.

Ол платформада ЭЦҚ арқылы қол қою функциясының болмауы да заңға қайшы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік туралы сертификатының жоқтығына, яғни мемлекеттік ақшаны басқару құқығының болмауына қарамастан, жеткізушілердің қызметтері платформа арқылы төленген.

Әбдірахманованың айтуынша, платформаның бәсекелестерінің "тең күреске" мүмкіндігі де жоқ – оларды цифрландыру министрлігінің шенеуніктері жеткізушілерге тек artsport.edu.kz арқылы ақша төлеу үшін бұғаттайды.

"Рухани Болашақ" қауымдастығының төрағасы Аружан Сайын бағдарлама авторларының мүдделерін қолдайтынына сенімді.

Өз үндеуінде Әбдірахманова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан аталған тұлғалардың қызметін және платформа жұмысының барлық кезеңінде Artsport мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланудың заңдылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сертификатты тексеруді сұрады.

Серіктес жаңалықтары