COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 292 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 4,
Алматы қаласында - 6,
Ақтөбе облысында 2,
Солтүстік Қазақстан облысында - 1
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан 19 адам жазылды, сөйтіп елде аталмыш вирустан жазылып шыққандардың жалпы саны 1 290 521 адамға жетті.