×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Сыбайлас жемқорлық дауына қалған Лаура Мырзағали қызметінен шеттетілді

10.04.2022, 14:22
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарыЛаура Мырзағалиға қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде Мырзағалиға ұқсайтын әйелдің қарамағындағы қызметкерінен сыйақы талап етіп жатқаны туралы видео тараған болатын.

"Бір жыл жұмыс істедім, денсаулық жағдайына байланыс еңбек демалысы үшін қатаң сөгіс алдым. Әнуар Қанатұлы да сөгіс алды, себебі қызметкерлер құжатты дұрыс реттемеген. Сондықтан бізге екі-үш сыйлықақы береді, болды. Сендер алтыдан аласыңдар, біз екеу аламыз. Соған жинайды. Түріңді олай жаман етпе. Тоқта, Қарлығаш. Сендерге қазір түсті, түстен кейін тағы түседі, екі рет түседі. Сендерге жеті айлықтан жаздық. Түсіндің бе?", — дейді видеода Лаура Мырзағалиға ұқсайтын адам.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді.

 “Қазіргі уақытта қызметтік тексеру басталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали оқиғаның мән-жайы толық анықталғанша жұмыстан уақытша шеттетілді”, – деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.