×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Алматы облысында автобус аударылып, бірнеше адам ауруханаға түсті

10.04.2022, 15:20
Видеодан кадр

Оқиға бүгін таңертең болған. Бұр туралы жергілікті әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Хван және Сләмов көшелерінің қиылысында болған. Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде жол белгісін елемей, салдарынан автобусқа соғылған.

“Оқиға салдарынан Isuzu автобусының 47 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылардың екеуі әйел адам. Оқиғаның мән-жайын Талдықорға қалалық полициясының мамандары анықтап жатыр”, – деп жазылған департаменттің дерегінде.