×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

"Баға - удай". Депутат еш шарасыз отырған мемлекеттік органдарды сынады

10.04.2022, 16:55
facebook.com

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан астана базарларын арнайы аралап, азық-түлік бағаларын көріп, Президент тапсырмасын орындай алмай отырған мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Базардағы аспандап тұрған баға туралы халық қалаулысы Жанарбек Әшімжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Баға - удай. Әсіресе күнделікті тұтынатын ет-сүт, картоп, сәбіз, пияз, көкөніс, күнбағыс майы, макарон өнімдері секілді негізгі тұтынатын азықтардың бағасы еселеп барады. Өткен наурыз айында баға 13 процентке өсіп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті… Баға дейтін пәле елдің еңсесін езіп, белін бүктіріп, етегіне сүріндіріп тұр”, – деп жазды депутат.

Мәжіліс депутатының айтуынша, Президент тапсырмасын орындауда Ауыл шаруашылығы министрлігі де, Сауда және интеграция министрлігі де, Монополияға қарсы күрес агенттігі де, аймақтық әкімдіктер де жағдайдың алдын ала алмай отыр. Министрліктер бір-біріне сілтейді. Жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отырған үкіметтік ведомстволардың арасында өзара үйлесім жоқ.

“Өткен аптада осы салаға жауапты ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мәжіліске келіп депутаттардың нақты сұрақтарына жауап бере алмай, қызыл сөзден қырман сапырып, ақыры ауылшаруашылық министріне сілтеді де кетті. Ал базардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасы инфляция өсімінен де асып кеткен. Мамандардың есебінше, күнбағыс майы 36,7 пайызға, қант – 34,8 пайызға, картоп – 21,8 пайызға, жеміс-жидек – 19,9 пайызға, макарон өнімдері – 22,7 пайызға, жұмыртқа 10 пайызға қымбаттаған”, – делінген жазбада.