×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Алматыда жол апатынан оқушы қыз қаза тапты

10.04.2022, 17:26
Instagram/kris.p.brothers

Алматыда жаппай жол апатынан жаяу жүргінші қыз қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат 9 сәуірде сағат 17.10-да болған. Hyundai Tucson автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі Гагарин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, солға бұрылып, Гагарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігімен соқтығысып, жаяужолда тұрған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Әрі қарай Hyundai жүргізушісі Гагарин көшесінде солтүстік бағытта тұрған Chevrolet автокөлігі мен Yutong автобусын соққан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, марқұмның анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.