×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қызылорда: 5 қаңтарда 24 адам табельді қарудың оғынан өлген

11.04.2022, 15:14
Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов 5 қаңтар күні Қызылорда қаласында болған оқиғаны айтып берді. Бас прокуратураның нұсқасы бойынша, полиция қызметкерлері 24 адамды табельді қарумен өлтіруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Қызылорда облысында қаза болған 24 адамға қатысты табельді қаруды қолдану себептері анықталды. 5 қаңтарда Қызылорда облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалды. Террористер жүк көлігі мен ғимарат қақпасын соғып кіріп, аңшы мылтықтарымен оқ жаудырды. Бақылау-өткізу пунктінің жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік машиналарды өртеді. Осыған байланысты полиция алдымен ауаға атып, содан кейін шабуылдаушылардың аяқ-қолын нысанаға алып, табельді қаруды қолдануға мәжбүр болды. Алайда бұл оларды тоқтатпады. Алкоголь мен есірткінің әсерінен олар ғимаратқа бірнеше рет шабуыл жасады», - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, екінші шабуылдан кейін 6 адамнан тұратын топ келіссөздер түрінде жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырған. Осы сәтті пайдаланып, келіссөз жүргізушісінің бірі, бұрын сотты болған О есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен тіке оқ атқан.

«Қарсы атылған оқпен оның көзі жойылды. Естаев көп дене жарақатымен, көп қан жоғалтып, ауыр халде жан сақтау бөліміне жеткізілді. Оның жаны әрең қалды. Барлығы 12 сағат қоршау кезінде жергілікті полиция ғимаратына оннан астам қарулы шабуыл жасалды. Оларға тойтарыс берудің нәтижесінде 20 шабуылшының көзі жойылды. Мұнымен қоса Қызылорда полиция басқармасының ғимаратын басып алуға әрекет жасалды. Оған тойтарыс беру кезінде 4 шабуылшының көзі жойылды», - дейді ол.