×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Қанды қаңтар: 165 адам қамауда отыр

11.04.2022, 15:56
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғаларына байланысты полиция қызметкерлері 1 090 қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғаларына байланысты полиция қарауында 1 090 қылмыстық іс бар. 165 адам қамауда отыр.

«Олардың бәрі ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған», - дейді ол.

Бұған дейін 315 адам қамаудан босағаны хабарланды,

«377 адамға қатысты тергеу аяқталды. Олардың ісі сотқа жолданды. Оның көбі ұрлыққа (196), заңсыз қару айналымына (39) және тонауға (3) қатысты істер», - дейді Санжар Әділов.

Осы күнге дейін 168 адамға қатысты сот ісі аяқталған. 147 адам қоғамнан оқшаулау жазасына ұшырамаған.