×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Ұлттық банк: Долларға сұраныс төмендеп келеді

11.04.2022, 16:54
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың қолма-қол доллар тапшылығын болдырмас үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Наурызда банк секторы қолма-қол валютаны, бірінші кезекте АҚШ долларын сатып алу мен логистикасы кезінде проблемаларға тап болды. Қолма-қол валютаның дағдарысы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне де әсер етті. Халық валютаны көптеп сатып алды және шоттардан алып қойды», - дейді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, тұрақты уақытта екінші деңгейлі банктер валютаны Еуропадан, Азиядан, ТМД елдерінен өз бетінше сатып алып, әкеліп отырады. Алайда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдаған.

«Біріншіден, біз банктерге өз қорымыздан банкноттарды күнделікті сатып отырдық. Тек наурызда ғана ЕДБ-ға шамамен 500 млн АҚШ доллар мен 80 млн-ға жуық еуро сатылды. Оларды кейін банктер өз бөлімшелері арқылы сатты. Екіншіден, Ұлттық Банк сатылыммен қатар шетелдік жетекші контрагенттермен және логистикалық компаниялармен қолма-қол ақшаны жеткізудің қосымша арналарын жолға қойды. Үшіншіден, біз жеткізу мәселесін дербес шешуге мүмкіндігі жоқ банктерге кейіннен сату үшін банкноттарды сатып алу мен әкелуді дербес жүзеге асырдық. Наурызда жиынтығында 17 банк банкноттарды алуға бізге жүгінді. Қазіргі жағдай бойынша көріп отырғанымыздай, қолма-қол долларға деген сұраныс көбінесе қанағаттандырылып, төмендеп келеді», - дейді ол.