×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Үкімет қымбатшылықты ең бірінші кезекте сыртқы факторлардан көріп отыр

12.04.2022, 09:55
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, елдегі инфляцияға Қазақстан сауда жасап отырған серіктес елдердегі   инфляцияның өсуі мен   әлемдік азық-түлік бағасының қымбаттауы   тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

“Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына шектеу шараларының әсерін барынша азайта алдық. Бұл жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Бізбен көршілес елдердің экономикасына санкциялардың ықпалы күшейе түсуде. Сонымен қатар Үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі – инфляцияны ұстап тұру. Наурыз айының қорытындысы бойынша еліміздегі жылдық инфляцияның деңгейі 12% құрады. Оған, бірінші кезекте,   біздің сауда жасап отырған серіктес елдердегі инфляцияның өсуі мен әлемдік азық-түлік бағасының қымбаттауы   тікелей әсер етті”, - деді Әлихан Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, биылғы жылғы наурыз айындағы азық-түлік бағасының әлемдік индексі 159 п.п. дейін өсіп, соңғы 30 жылда болмаған   ең жоғары деңгейге жеткен. Әлемде негізінен дәнді-дақылдарға, өсімдік майына, қантқа, ет пен сүт өнімдеріне   баға өсіп кеткен.

“Бұл біздің нарыққа да тікелей әсер етіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша   2022-2024-ші жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша   кешенді шаралар іске асырылуда. Инфляцияны ұстап тұру үшін   қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдаланып,  бұл мәселені ерекше назарда ұстауы тиіс”, - деп түйді ол.