Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.