×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Петропавл атауы өзгере ме? Әкім петицияға қатысты пікір білдірді

12.04.2022, 11:06
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков Солтүстік Қазақстан облысының орталығын Қызылжар деп атау ұсынылған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қала әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияны жақтаушылар мен қарсы адамдар арасында пікірталас жүріп жатқанын жазды.

"Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға ешқандай қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қаланы қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдеймін. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, ол біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескеріп, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі", - деді қала әкімі.

Сол себепті ол азаматтарды өзара құрмет көрсетуге және әлеуметтік желіде пікір жазу барысында жауапкершілікті ұмытпауға шақырды.

"Ел президенті Қазақстан халқына жолдауында "Жаңа Қазақстанда біз әрдайым "әр түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт" қағидатын ұстануымыз қажет" деп айтқан болатын. Біздің қаламыздың тұрғындары президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-біріне жоғары мәдениет танытатынына сенімдімін", - деді қала әкімі.