×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Ләйлә Сұлтанқызы: Лауазымды қызметтегі күйеуім 6 сағат бойы "Qos Like" көріп рахаттанады

12.04.2022, 11:24
Коллаж: ulysmedia.kz

Мұндай пікірді белгілі тележурналист, продюссер Ләйлә Сұлтанқызы желідегі сұхбаттарының бірінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

“Менің мемлекеттік лауазымдағы үлкен шенеунік күйеуім 6 сағат бойы  “Qos Like” бағдарламасын көріп рахаттанады. “Ләйлә, мен мұнан асқан шынайы бағдарлама көрген жоқпын” дейді”, – деді Ләйлә Сұлтанқызы сұхбаты барысында.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының шенеунік күйеуі 6 сағат бойы рахаттанып көріп жүрген бағдарламасы ел арасында ең көп дау тудырып, жабылуын талап еткен бағдарламалардың бірі. Басталғалы қазақ жігіттері мен қыздарына тән емес тәрбие көрсетіп жүр деп қазақстандықтардың сынына ұшыраған бағдарлама. Жап-жас қыздардың ел алдына шығып еш қысылмай жігіт іздегені расында да ұлттық менталитетке жат екені рас-ақ. Тепсе темір үзіп, ел қорғайды деп жүрген жігіттердің де әңгімесі «сенің қатының менің қатыныммың» айналасында. Желіккен жастарды бір жерге жинап, бір-бірімен салғыласып ұрыстыру үшін арналардан алты сағат уақыт берілген. Бірақ осындай ұрпақ аздырар бағдарламаны ел ағалары ерінбей-жалықпай алты сағат рахаттанып көреді екен.

Солардың бірі – Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев.

Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының “Оқжетпес” ЕСК” АҚ президенті. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы дегеніңіз Мемлекет басшысына бағынатын және Президенттің, депутаттардың, Парламент палаталары мен Үкімет қызметкерлерінің, өзге де мемлекеттік органдар қызметшілерінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.

Бүгінде “Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешені жыл бойы қызмет көрсететін емдеу орны

Қазіргі таңда “Оқжетпес” ЕСК» АҚ өз брендімен біздің еліміздің ең жақсы курорттарын біріктіреді.