×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Назарбаев АҚШ саясаткерлерін 102 мың доллардың бағалы сыйлықтарымен жарылқаған

01.03.2023, 16:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ саясаткерлеріне жалпы сомасы 102 мың доллардың бағалы сыйлықтарын сыйлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

PROTENGE Telegram арнасының жазуынша, Назарбаев АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Джон Ордвейге құны 9 мың 995 доллар (шамамен қазіргі бағаммен 4 млн 500 мың теңге) тұратын Blancpain сағатын сыйға тартқан.

“Қымбат сағатты Америка хаттамасының бас кеңсесі Астанадағы елшіліктен дипломатиялық пошта арқылы алған. Бізге бұл туралы мәлім, себебі АҚШ-та шенеуніктер мен президент шетелдік сыйлықтарды, тіпті олардың бағасы 5 доллар болса да, жариялап, мемлекеттік мұрағатқа тапсыруы керек, әйтпесе сыйлық пара болып саналады. Егер алған затты қатты ұнатса, америкалықтардың оны сатып алу мүмкіндігі бар, бірақ олар мұны өте сирек жасайды", – делінген жазбада.

Авторлар біздің елімізде мұндай тәжірибе жоқтығын атап өткен.

"Қазақстандық шенеуніктерге қандай сыйлықтар берілгенін және сыйлықтардың қазір қайда екенін біз тек болжай аламыз. Бар болғаны 20 жылдың ішінде біз АҚШ-қа 101 995 доллар немесе 45 миллион теңгеден астам сомаға сыйлық жасаппыз. Қазақстанның атынан ең қымбат сыйлықты Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейниге жасаған, ол 2006 жылы мамырда 25 мың 300 доллар (шамамен қазіргі бағаммен 11 млн теңгеден асады) тұратын Breguet сағатын сыйлаған. Ол уақытта Дик Чейни Қазақстанға келген еді. Жоғары лауазымды шенеунік энергетика мәселелерін талқылап, Ресейді айналып өтетін Каспий теңізінің түбімен газ құбырын тарту туралы айтуы керек еді. Бірақ, бізге белгілі болғандай, бұл жұмыс әңгімеден әрі аспаған", – деп жазды арна.

Серіктес жаңалықтары