×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

«КТК» проблемасын Ресей мамандары ауа райына жауып отыр

12.04.2022, 13:04
Фото: Ашық дереккөзден

Каспий құбыры концорциумына байланысты сұрақ Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін Энергетика  министрі Болат Ақшолақовқа тағы қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Қазір Каспий құбыры концорциумының 60 пайызы қуатта жұмыс істеп тұр, елеулі шығын жоқ. Бірақ егер жөндеу мамыр айынан кейін жалғасатын болса, онда шығындар айына 1 миллион тонна болуы мүмкін», - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, әзірге «ресейлік әріптестеріміз ауа райының қолайсыздығынан жөндеу бригадалары су астына түсе алмай жатыр».

«Біз 15 сәуірге дейін күтеміз. Содан кейін өз әріптестерімізді жібереміз немесе жағдайды анықтауға өзіміз барамыз. Әзірге 15 сәуірге дейін күтеміз», - деді ол.