×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Алматыда пара алған экс-шенеунік сотталды

12.04.2022, 14:05
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін үш жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша іс (ҚР ҚК 366-бабы, 2-бөлігі) қаралды.

“2021 жылдың маусым айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы «қысқа ішек синдромы» диагнозымен ауыратын балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра отырып, тендерден 78 млн теңге ұтып алу үшін ЖШС-ден пара талап еткені анықталды”, деп хабарлады Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

ЖШС құрылтайшысы оған қажетті соманы табыстаған.

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдететін шара қабылдады.

Дегенмен, сотта С. есімді айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

“Сот үкімімен С. айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, деп қосты аудандық сотының баспасөз қызметі.