×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Жанармай экспортына тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін

12.04.2022, 15:10
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстанда автомобиль көлігімен бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзарту жоспары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

“Бүгінгі күні Энергетика, Қаржы министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы бар. Оның шеңберінде бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салынды және оны тағы 6 айға ұзарту туралы мәселе пысықталып жатыр”, - деді Энергетика министрі Үкімет отырысында.