×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Доллар бағасы тұрақтанды

12.04.2022, 16:27
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 449,74 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,66 теңге (+0,05) деңгейінде тұрақтады, сауда көлемі 4,5 миллион юаньға жетті.

Кешегі кешкі саудада Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,14 теңгеге арзандап, 5,72 теңге болды. Сауда көлемі 1,47 миллиард рубльге жетті.

Еуро бағамын Ұлттық банк 491,02 теңге деңгейінде белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450-454,5 теңге, еуро 490-497 теңге, ресей рублі 5,2-5,65 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

12 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 2,18 пайызға өсіп, 96,93 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 2,53%-ға өсіп, 101,64 долларға жетті.