×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Назарбаевтың інісі Қазақтелекомның 30% жуығын мемлекетке қайтарды

12.04.2022, 17:31
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Тағы да оқыңыздар

"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", - делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Ашық деректерге қарағанда бұл екі компания жақында ұсталған Қайрат Сатыбалдының меншігінде.

Бұған дейін Қазақстанның экс-президентінің жақын туысы саналатын оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және “Қазақтелеком” АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау күдігімен ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.