×
470.06
466.68
7.91
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.06
466.68
7.91

Қырғыз-тәжік қақтығысы кезінде бірнеше сарбаз зардап шекті

13.04.2022, 10:45
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі баспасөз орталығының мәліметінше, оқиға Қырғызстан шекара отряды қызмет атқарып жатқан Баткен облысы Лейлек ауданы Селкан ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қырғыз шекарашыларының шекара сызығынан өтпеу, өз аумағына қарай кету туралы талаптарын Тәжікстанның шекара жасағы елемей шекарадан өтіп, Қырғызстан аумағына 20 метрге кіріп алды. Тәжік шекарашыларының аумаққа өтуіне жол бермеу мақсатында ҚР ҰҚКҰ ҚС шекара жасағы әуеге ескерту оқ жаудырды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тәжікстан шекарашылары жауап ретінде қырғыз шекарашыларына оқ жаудырған. 

“Сағат 21:17 шамасында оқиға орнына келген Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдері арасындағы келіссөздер барысында Тәжікстан шекарашылары қайтадан Қырғызстан ҰҚК ШҚ әскери қызметшілеріне оқ жаудырды. Қайта атыс басталды, ол шамамен 30 минутқа созылды. Жараланғандар бар", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметі.