×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға берушілердің табысы күрт артты

02.03.2023, 13:48
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс бір жылда 320 млрд теңгеге артты. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2022 жылы жалға беру және жылжымайтын мүлікті басқару саласында көрсетілген қызметтер көлемі 1 трлн 242,9 млрд теңгені құрады (экономиканың бақыланбайтын секторының көлемін есепке алмағанда). Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 35%-ға көп", - делінген хабарламада.

2022 жылғы көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден айтарлықтай ерекшеленбегенімен (1 трлн 219,1 млрд теңге), коронавирус шектеулерімен есте қалған 2022 жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

"Бұл жерде жылжымайтын мүлікті жалға алуға пәтерлер ғана емес, қоймалар, сауда алаңдары, кеңселер және т.б. кіретінін түсіну маңызды. Сондықтан негізгі табысты кәсіпорындар қамтамасыз еткені таңғаларлық емес – 1 трлн 121,1 млрд теңге. Тиісінше, олар қалған 121,6 млрд теңгені халықтан алды", - делінген бюро мәліметінде.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы қалай өзгерді?
  
Ұлттық статистика бюросының мәліметінге, 2022 жылдың 4-тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға қымбаттады.

Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу бағасы ең жоғары өсім көрсетті. Осылайша, қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін жалға алу бағасы 4,1%-ға өсті. Автокөлік жуу пункттерін жалға алу 4,3%-ға қымбаттады, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пункттері – 3,8%-ға, валюта айырбастау орындары – 3,4%-ға, сауда үйлеріндегі орындар – 1,9%-ға, паркингтер – 1,5%-ға, әкімшілік-кеңсе орындары 1,4%-ға қымбаттады.

Тұрғын үйлерді жалдау құны ше?

 

2023 жылғы қаңтарда абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 34,3% артты.

Баспананы жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары