×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Тоқаев "Хабар" арнасын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

13.04.2022, 13:13
Ақорда

Қазақстан Президенті "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа “Хабар” Агенттігі” АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, “Хабар” телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Айта керейік, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болған Берік Уәли қызметінен босатылып, “Хабар” Агенттігінің” Басқарма төрағасы болып тағайындалған еді.