×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

КТК проблемасы бойынша Ақшолақов Мәскеуге барғалы жатыр

13.04.2022, 13:37
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізбек көрінеді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

“Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмады. Ресейлік әріптестеріміз ауа райына байланысты теңіздің түбіне түсуге мүмкін болмай тұрғанын айтып жатыр. Сол бепті олар сәуір айының ішінде бүкіл жұмыстарды аяқтауға барлық мүмкіндігін салатынын уәде беріп отыр. Атап айтқанда, атқарылатын жұмыстар анықталды. Дегенмен, жұмысшылар бригадасы судағы жұмыстарды жүргізе алмай жатыр”, - деді Болат Ақшолақов мәжіліс кулуарында.

Министр алдағы аптада ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. Қазақстандық делегация Ресейге барып, консультация жүргізеді. 

“Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар да керек. Сондықтан консультация техникалық мамандар басшылығы деңгейінде жүріп жатыр. Біздің мамандар тиісті кездесу өткізу үшін Мәскеуге барды. Қосымша ақпаратты тағы да хабарлаймын”, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Каспий құбыр концорциумына (КҚК) қарасты алып жүретін кемеаялдамалық құрылғының істен шығуын “Ресейдің қолдан жасап отырғаны” туралы ақпарат тараған еді.

Алайда бұл нұсқаны Энергетика министрі Болат Ақшолақов жоққа шығарған.