×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақстанға экстремистер мен педофилдерді кіргізбейтін заң мақұлданды

13.04.2022, 13:46
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Тиісті құжат мәжілісте қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Босқындар туралы” заңның 8 және 9-баптарын сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізіледі. Пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда тіркеуден шығып, бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркелуі тиіс. Енді пана іздегендерді ел аумағында мекенжайы бойынша тіркеп, мұндай тұлғаларды тіркеу тәртібін бекіту құзыретін ішкі істер министрлігіне берген орынды”, - деп атап өтті мәжілісмен Ғазиз Құлахметов.

Оның айтуныша, одан бөлек, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы”, “Халықтың көші-қоны туралы” заңдарға шетел азаматтарын елімізге кіргізбеу туралы тармақтар қосылаады. 

“Мәселен шетел азаматының экстремизм-терроризмге қатысы бары немесе Қазақстанда экстремистік не террористік деп танылған ұйымға қатысы бары туралы мәлімет-деректер негізінде шетел азаматының елге кіруіне тыйым салынады. Ұлттық қауіпсіздік органдарына тыйым салу себебін түсіндірме құқығын беру ұсынылады. Балаларды қылмыстық құқықбұзушылықтан қорғау мақсатында кәмелетке толмаған балаларға сексуалды сипатта қылмыс жасағандарға Қазақстанға келуіне өмір бойына тыйым салынады, Қазақстанда тұрақты мекендеуіне және Қазақстан азаматтығын алу туралы эмигранттық өтінішін қабылдауға да рұқсат берілмейді”, - деді мәжіліс депутаты Құлахметов.