×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Украинадағы соғыс кезінде кемінде 20 журналист қаза тапты

13.04.2022, 15:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Украинаның Ұлттық Журналистер одағының дерегінше, 24 ақпанда Ресей Украина аумағында соғыс бастағаннан бері кем дегенде 20 журналист қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

Сондай-ақ журналистер одағы ажал құшқан тілшілердің есімдерін жариялады. Олардан бөлек тағы бірнеше журналист із-түзсіз жоғалып кеткен.

Хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында Алексей Чернышев есімді журналист бар. Ол 13 наурызда фотожурналист Макс Левинмен бірге Гута-Межигорская ауылына барған. Көп ұзамай бұл аймақта қақтығыс басталып, олармен арадағы байланыс үзілген.

1 сәуірде Киев маңындағы Вышгород ауданында Левиннің мәйіті табылды. Наурыздың ортасында Киев маңында 55 жастағы ирландиялық Fox News операторы Пьер Закржевски және 24 жастағы жергілікті арна продюсері Александра Кувшинова қайтыс болды. Олар Горенка ауылында оққа ұшқан.