×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

"Алтын орда" базарында 1,6 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

13.04.2022, 16:17
Ulysmedia.kz

Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков Алматыдағы «Алтын Орда» базарында жүргізіліп жатқан тексерістің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір “Алтын Орда” базарында бірқатар мемлекеттік органдарынан 71 адам тексеріп жатыр. 1 миллиард 600 миллион теңгенің заңбұзушылықтары анықталған. Стандартқа сай салынбаған нысандар бар, ветеринариялық бақылау талаптары бұзылған.

Айдар Әбілдабековтің айтуынша, соңғы кезге дейін базарларды ешкім тексермеген, тәртіпсіз болған, әр саудагер өз тәртібімен жұмыс істеген. Сауда министрлігінің жоспарлары – нарықтарды тексеру және бәсекелестікті дамыту шараларын қабылдау, сондай-ақ базарларды заманауи стандарттарға сәйкестендіру, реформалау.

Қазақстанда 761 базар болса, соның 515-і азық-түлік өнімдерін сатады.

Еске салайық, “Алтын Орда” базарын тексеру қаңтар оқиғасынан кейін басталған болатын. Нарықтың түпкілікті бенефициары - бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев.