×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Алматыдан 272 шақырым қашықтықта жер сілкінді

02.03.2023, 20:32
Ашық дереккөз

Сейсмологтар Алматыдан оңтүстікке қарай 272 шақырым қашықтықтан жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 272 шақырым қашықтықта – Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

MPV магнитудасы – 4,7. Тереңдігі – 15 км.

MSK-64 шкаласы бойынша қабылдау туралы ақпарат жоқ.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда табиғи апат салдарынан 40 мыңнан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 12 ақпандағы жағдай бойынша Сирияда 8500 адам қайтыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға көмектесу үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға қосымша гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшқан болатын.

14 ақпанда Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды.

Серіктес жаңалықтары