×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Сенат «Сарым-Зәкиева түзетулерін» Мәжіліске қайтарды

14.04.2022, 11:17
Ашық дереккөзден

Заң жобасы бүгін жоғары палатада қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Сенатор Динар Нөкетаеваның айтуынша, қаралып отырған заң жобасы, енгізілген құқықтық ережелер мен нормалардың негіздемесі, бүгінгі күннің қажеттіліктерінен және елдің келешектегі даму міндеттерінен туындап отыр. Жалпы, Заң жобасын қабылдаудан келесі нәтижелер, атап айтқанда, баланың құқықтарын қорғау саласындағы тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және заңнаманы жетілдіруді, балаларды оларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңістік салаларында қорғау тетіктерін іске асыруды, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарын ерте анықтау және ерте арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді көздейді.

"Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғаннан кейін Комитеттің кеңейтілген отырысында Сенаттың тұрақты комитеттерінен, Сенат Аппаратынан және қоғам тарапынан келіп түскен бірқатар ескертулер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Барлық ескертулер мен ұсыныстар тиісті салыстырма кестеге енгізіліп, сіздерге ұсынылып отыр. Баяндалғанды ескере келе, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті “Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы” Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 1), 7) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістер мен толықтыруды Сенат отырысында 2-ші оқылымда қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-тармағына сәйкес оларды Парламентінің Мәжілісіне жіберуді ұсынады" - деді сенатор.

Осы шешім қабылданып, заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.