×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Жемқорлық: Ақтөбе облысының бас экологы сотталды

14.04.2022, 12:04
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұлдың айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәсі расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен қатар 12 млн теңге сомасындағы айыппұл салынып, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Нұржан Аққұл өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған.

Аталған параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.