×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

"Сарым-Закиева түзетулері": Шартты орындамаған әлемжелінің интернет жылдамдығы азаяды немесе жабылады

14.04.2022, 12:09
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

«Сарым-Закиева түзетулері» аталып кеткен даулы заң жобасы бойынша сенат депутаттары парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
 

“Әлеуметтік желі сіздер арыз түсірген контентті 24 сағат ішінде өшірмесе қандай шара қолданылады?” деген сауал қойылды спикерлерге.

Бұл сұраққа жауап берген сенатор Бейбіт Исабаев оларға айыппұл салынбайтынын, алайда кибербуллинг белгісі бар контентті әкімші бәрібір өшіруге тиіс екенін айтты.

"Келісім жүріп жатыр. Ары қарай қалай болатынын көреміз. Алты ай мұрсат беріледі. Егер өшірмесе, кибербуллинг оқиғасы қоғамда керемет қиын жағдай туғызып, ата-аналарға қатты әсер етсе, онда техникалық жағынан интернет ресурстың жылдамдығын азайту немесе толық жауып тастауға болады. Мемлекеттік техникалық қызметкерлер бар. Егер әлеуметтік желі бізбен ерегісіп, анық кибербуллинг фактісі бар контентті өшірмесе, біздің қоғамның ішкі идеологиясына қатты әсер етсе, тілімізді алмаса, халықаралық сот бар, соттасуға болады”, - дейді депутат Бейбіт Исабаев.

Ол фейсбук, инстаграм және тик-ток желілері Қазақстанмен жұмыс істейтін өкілін тағайындауға әзір деп сендіреді. 

“Дәл балаларға буллинг жасау мәселесіне келгенде әлеуметтік желілер түсіністік танытып отыр”, - дейді депутат.

Айта  кетейік, баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша заң жобасы сенаттан мәжіліске қайтарылды.