×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Әлі де 285 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖМ

14.04.2022, 13:43
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Қазақстанда 285 елді мекенде су басу қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

 

“Мәселен, 180 мыңнан астам халқы бар 340 елді мекенге қатысты (33,6%) қауіп-қатер жойылды және 231 мыңнан астам халқы бар 385 (38,1%) елді мекенен қауіп-қатер барынша азайтылды. 285 елді мекен (431 мыңнан астам халқы бар) үшін су басудың ықтимал қаупі сақталуда, олардың 132-сі бұрын картамен көзделген жоқ (әкімдіктермен қосылмаған). Осыған байланысты әкімдіктермен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне түзету енгізу жоспарланып отыр. Ол жаңа қауіпті учаскелермен толықтырылады”, - деді министр.

Оның айтуынша, өзен жағалауын нығайту, арналарын, каналдар мен арықтарды тазарту, қорғаныш бөгендері мен гидротехникалық құрылыстарды салу және жөндеу, жергілікті құлақтандыру жүйелерін орнату шаралары су басу қаупін кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік берген.