×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Қазақстаннан шетелге 100 миллиард доллар заңсыз шығарылған

14.04.2022, 14:32
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 30 жыл ішінде Қазақстаннан 100 миллиард долларға жуық қаражат заңсыз шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

“Сомаларға келетін болсақ, бұл қай кезең екеніне байланысты.  Негізінен, бірнеше ондаған миллиард доллар бар. Оларды қайтару туралы да түрлі механизмдер қарастырып жатырмыз”,–  деді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, бұдан басқа капиталды қайтаруды шаралары Салық кодексінің түзетулер жобасына енгізілген.

“Егер біз, тікелей шетелдік инвестицияларды тартсақ, біздің көлеміміз 30 жыл ішінде 400 миллиард доллардан асады. Осыған дейін он миллиардтан аса қаражат шығарылған шығар, бірақ нақты соманы айту қиын. Мүмкін, шамамен 100 миллиард доллар болуы мүмкін”, – деді министр.