×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Алматыда A-parking директоры қамауға алынды

14.04.2022, 19:24
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Сот мәліметінше, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынған.

"Тергеу сотының үкімі бойынша, соталды тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - деді Алматы қалалық соты өкілдері.

AlanParking – ақылы автотұрақтардың операторы. 2021 жылдың желтоқсанында «RR2» ЖШС (олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі) компанияның 30% акциясын мемлекеттен сатып алды.

Еске салайық, 17 наурызда Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.