×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Беларусьте Нобель сыйлығының лауреаты 10 жылға сотталып кетті

03.03.2023, 16:23
Фото: Ашық дереккөзден

Минск аудандық соты «Вясна» құқық қорғау орталығының негізін қалаушы, Нобель сыйлығының лауреаты Алес Бялятскийге үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор Беляцкийді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ судья оны күшейтілген режимде 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Viasna.

Сондай-ақ, Бялятскийдің орынбасары Валентин Стефанович 9 жылға бас бостандығынан айырылды. «Еркін сайлау үшін құқық қорғаушылар» науқанының үйлестірушісі Владимир Лабкович 7 жылға сотталса, құқық қорғаушы Дмитрий Соловьев те 8 жылға сотталды.

«Іс материалдарында 284 том бар – бұл көлемі жағынан рекордтық саяси іс. Оларда айыпталушы қамауға алынғаннан кейін де Viasna сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған құқық қорғаушылардың қоғамдық қызметі туралы көптеген деректер бар», - деп жазады басылым.

Сотталғандар 2021 жылдың 14 шілдесінен бері қамауда отыр. Оларға тыйым салынған ұйымға демеушілік жасады деген айып тағылған.

2022 жылдың 10 желтоқсанында Беляцкий бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты деп жарияланды. Ол салтанатты шараға қатыса алмады.

Серіктес жаңалықтары