×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы петиция жарияланды

15.04.2022, 09:01
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оған әзірге 105337 адам қол қойған. Оның 5966 адам қарсылық көрсеткен.

“Аудан атауын “Қарадала” немесе “Шарын” деп өзгерту керек. Неге Шарын? Өйткені бұл аймақта Шарын өзені ағып жатыр және Шарын шатқалы орналасқан. Біз, Қазақстан халқы Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін деп талап етеміз!” – делінген петицияда.

Бұған дейін де Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Ұйғыр ауданының атауын Қарадала немесе Шарын деп өзгертуге ұсыныс жасаған болатын.

“Бұл мәселе көп жылдан бері талқыланып келеді. Қоғам белсенділері бірнеше рет хат жазған. Бұқаралық ақпарат құралдарында қаншама мақалалар жарияланды. Халық “бұл ескі мәселе Жаңа Қазақстанға ауыса ма?” деп жиі сұрайды”, – дейді депутат.

Ашық дереккөздерде Ұйғыр ауданы 1934 жылы құрылғаны жазылаған. Аудан халқының саны 63 288 адам (2019), ұлттық құрамы: ұйғырлар (57,91%), қазақтар (40,06%), орыстар (1,58%), өзбектер (0,17%), басқалары (0,45%).