×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

15 сәуір - Ғашықтар күні

15.04.2022, 09:49
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

15 сәуір ғашықтар күні ретінде ресми құжатта көрсетілмегеніне қарамастан, кейінгі жылдары жастар арасында кең танылып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жастар арасында ғашықтар күнін атап өту туралы ең алғаш рет 1999 жылы қоғам қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған екен. Оның ерекше бастамасы көптің көңілінен шыққанмен нақты күні белгіленбегедіктен әр өңір әртүрлі тойлап жүрген.

Тек 2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді — Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты. Содан бері қос ғашықтың кіршіксіз сезімін дәріптеп, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделген мереке ретінде аталып келеді.

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" ғашықтық дастаны қазақ халқының ең көне, ел арасында көп тараған жырдың бірі саналады.