×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Черногориядағы жарылыс: бір адам қаза тапты, жетеуі жарақат алды

03.03.2023, 19:49
Ашық дереккөз

Черногория астанасының бас сотында жарылыс болды, оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ сот ғимаратының кіреберісінде белгісіз ер адам қол гранатасын жарып жібергенін жазып жатыр. Оның өзі де көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеті адам түрлі дене жарақатын алған. Жергілікті БАҚ гранатаны 40 жастағы жергілікті тұрғын жарып жіберген деп хабарлайды.

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем бригадалары тексеру-зерделеу шараларын жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары