×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

СҚО тұрғыны қабірдегі әкесін біреулер қазып алғанын айтты

15.04.2022, 11:37
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда Новоишим ауылының тұрғыны қабірдегі әкесін біреулер  қазып алғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Новоишим ауылының тұрғыны Игорь Лазарев былтыр қыркүйек айында әкесін жер қойнына тапсырған.  Айтуынша, зиратта жер тапшы болған соң,  бір бейіттің маңайындағы брусчатканы алып тастап, әкесін сол жерге жерлепті. Жақында барса, біреулер әкесін қазып алып, басқа жерге көшіріп жіберіпті.

Жас жігіт бұл сұмдықты жергілікті кәсіпкерден көріп отыр. Себебі, бұған дейін олар зираттағы орын үшін таласып қалған көрінеді. Бірақ кәсіпкер болған жағдайға өзі де таң қалып тұрғанын, мұндай сұмдыққа дәті бармайтынын айтып ақталуда.  

Ал полицейлер бейіттің орнын ауыстыру заңға қайшы дейді. Құпияға толы қылмысты тәртіп сақшылары тергеуге кірісіп кетіпті.