×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Ұлытау облысының қалай бөлінетіні белгілі болды

15.04.2022, 13:04
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қарағанды облыстық мәслихатындағы жиында жаңа Ұлытау облысының шекаралық аумағы белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті шешімге сәйкес Ұлытау облысының аумағы 188 936,61 км2 құрады.

Жаңа өңірге облыстық маңызы бар үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев, сондай-ақ екі аудан Жаңаарқа және Ұлытау кіреді.

Қарағанды облысына Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозёрск қалалары, сондай-ақ Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет сынды жеті аудан кіреді. Оның аумағы 239 046,35 км2 құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды ұсынған болатын.